Атырау, 22 желтоқсан 14:09
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 517.66
€ 606.49
₽ 6.44

Қараусыз жүрген малдың ішек-қарны ғана қалды

5 296 рет қаралды

26 шілдеде Қызылқоға ауданы Жасқайрат ауылына қарасты Дәулетиман елді мекенінің тұсындағы далалықтан ірі қара малдың жайрап жатқан ішек-қарындары табылды. Жергілікті тұрғындардың бірі түсірген бейнежазба әлеуметтік желіде тарап, біршама пікірталас тудырды.  

Белгісіз ұрылар 5 ірі қараны ұрлап, сойып етін алып, ішкі құрылысын қылмыс жасаған жерде лақтырып кеткен. Қылмыскерлерді қазір полиция іздестіруде.

Қызылқоға ауданы әкімінің орынбасары Марат ӘБУОВ:

- Осындай қылмыс Батыс Қазақстан облысының Қаратөбе ауданында да орын алып отыр – ол бізден алыс емес. Полиция жұмыс жасап жатыр. Негізі тұрғындар малдарын қараусыз қалдырмай, бақташы шығаруы қажет қой.

Аудандық ІІБ бастығы Нұркен НҰҒМАНОВ осы оқиғаға байланысты ҚР ҚК 188-1 бабы 2 бөлігі («Ірі мөлшерде жасалған  мал ұрлау») бойынша іс көтерілгенін қосымша хабарлады.  188-1 бабы Қылмыстық кодекске жақында енгізілді, оған сәйкес, егер қылмыскерлер ұсталса, 3 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан айырылып, мүлкі тәркіленеді.  Былтыр Қызылқоға ауданында 13, ал биыл 7 мал ұрлығы фактісі тіркелген. Полиция барлық қылмыстың ашылып жатқанын тілге тиек етті.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

Сурет әлеуметтік желіден алынды

27 шілде 2020, 16:37

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.