Атырау, 21 қараша 22:40
 ашықВ Атырау +4
$ 495.20
€ 522.34
₽ 4.94

Карантин: жол-көлік оқиғалары азайды

4 890 просмотра

Полиция департаментінің мәліметінше, Атырау облысында карантин шараларының енгізілуіне байланысты жол-көлік оқиғаларының саны едәуір төмендеді: 2019 жылдың бірінші жартыжылдығында 134 ауыр ЖКО орын алып, 29 адам қайтыс болып, 195 адам жарақат алса, биыл осы кезеңде 90 жол-көлік оқиғасы болып, 22 адам қаза тауып, 97 адам жарақат алған.

ПД өкілі Гүлназира МҰХТАРОВА мұны ең алдымен карантин шараларымен, оның ішінде көлік қозғалысына салынған шектеулермен байланыстырады: көлік аз жүрсе, соғұрлым аз соғысады.

Дегенмен, жыл басынан бері өңірде кісі өлімімен аяқталған жол-көлік оқиғаларын еске түсірейік.

19 қаңтарда Атырауда Сарыөзек маңында Lada ВАЗ-2114 мен DAW жүк көлігі соқтығысып, жеңіл көліктің 3 жолаушысы мерт болды.

9 ақпанда Құрманғазы ауданының Құрманғазы ауылында Lada Priora мен «Нива» соқтығысты. Апат салдарынан 67 жастағы Нива жолаушысы сол жерде көз жұмды.

28 ақпанда Құлсары-Теңіз жолында "Лада 21310" бен Cheverolet Aveo соқтығысып, 5 адам – екі жүргізуші мен үш жолаушы қайтыс болды.

6 мамырда Атырау – Астрахан трассасының 185-шақырымында әскери КамАЗ бен исатайлық медицина қызметкерлері мінген көлік соқтығысты. Медицина көлігінде болғандардың бәрі – жүргізуші мен екі медик көз жұмды.

16 шілдеде Орал трассасының Атырауға кіре берісінде Toyota Camry көлігінің 21 жастағы жүргізушісі басқару тетігіне ие бола алмай, көлік аударылды. Нәтижесінде алған жарақат салдарынан екі жолаушы сол жерде қайтыс болып, сәл кейінірек ауруханада жүргізуші мен тағы бір жолаушы көз жұмды.

Фархат ӘБІЛОВ

27 шілде 2020, 15:27

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.