Атырау, 7 маусым 12:54
 дождьВ Атырау +21.6
$ 487.44
€ 567.38
₽ 6.62

Қытайда COVID-19 жұқтырғандар саны қайта арта бастады

3 437 рет қаралды

Қытайда наурыздың басынан бері COVID-19 жұқтырғандардың рекордтық көрсеткіші тіркелді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Reuters агенттігіне сілтеме жасап.

Басылымның хабарлауына қарағанда, 26 шілдеде 61 адам коронавирус жұқтырған. 61 жағдайдың 57-сі ел ішінде (Шыңжан-Ұйғыр автономиялық ауданында 41 адам, Ляонин провинциясында 14 адам және Цзилинь провинциясында 2 адам), ал қалған төртеуі басқа елдерде жұқтырған. Сондай-ақ, елде 44 симптомсыз тасымалдаушы тіркелген.

Қытайда жалпы 83 891 адам коронавирус жұқтырған, 4 634 науқас қайтыс болған және 78 918 адам аурудан айыққан.

27 шілде 2020, 11:43

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.