Бүгіннен бастап Мәскеудегі «Шереметьево» әуежайында халықаралық бағыттағы рейстер қайта жанданды, деп хабарлайды 24.kz.
Әуе айлағының ресми сайтында көрсетілген мәліметке сүйенсек, халықаралық терминал жұмысы толықтай іске қосылған. Вирустың таралуының алдын алу үшін сақтық шаралары бақылауға алынып отыр. Әуежайдағы D терминалы пандемияға байланысты сәуірде жабылған болатын.
Алайда шектеу шаралары алынғалы бері әуе тасымалына сұраныс 3 есеге артқан. Осы аптаның соңында Ресей Ұлыбритания, Түркия және Танзаниямен арадағы әуе байланысын қалпын келтіреді.