Қазақстандық медициналық мекемелерде коронавирус инфекциясын жұқтырған науқастарды оттегімен қамтамасыз етудегі дағдарыс жағдайы отандық бизнес өкілдерін провизорлық орталықтар ашып және оларды қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету бойынша белсенді жұмыстарды бастауға итермеледі. Олардың бірі - COVID-19-бен күресу үшін «Birlik» қорын құрған BI Group компаниясы, оған кез-келген қалаған адам қаражат жібере алады (https://birlik.online).
Қор жабдықтарды, өз құнына дәрі-дәрмектерді және белгіленген жерге дейін логистикалық бағыттар бойынша сатып алуды қамтамасыз етеді, сонымен қатар, қайырымдылықтың ашықтығына кепілдік береді. Жуырда Атырау облыстық ауруханасына меценаттар - атақты мұнайшылар бөлген қаражатқа «Birlik» қоры сатып алған 20 оттегі концентраторы келді.
Бүгінгі күні облыстық ауруханада және басқа стационарларда коронавирус инфекциясын жұқтырған науқастарды емдеу үшін олар көлемді оттегі баллондарын қолдануға мәжбүр болып отыр, бұл медицина қызметкерлеріне айтарлықтай қиындықтар туғызуда.
Дәрігерлердің жұмысын жеңілдету және отандастарға коронавирус инфекциясымен күресте қолдау көрсету мақсатында Атырау облысынан шыққан жерлестеріміз - атақты мұнайшылар Ұзақбай ҚАРАБАЛИН мен Құрманғазы ЕСҚАЗИЕВ Батыс Қазақстанның үш облысының емдеу мекемелеріне оттегі концентраторларының жиынтығын алу үшін «Birlik» қорына қаражат аударды.
- Қазір біздің бөлімшелерімізде жағдайы ауыр және оттегіге тәуелді науқастар көп. Бұл олар үшін өте маңызды. Қазір бұл құрылғылар біздің науқастар мен дәрігерлер үшін баға жетпес көмек, өйткені, олар тыныс алу жолдарының күрделі ауруларын емдеуге арналған және оттегі баллондарынан гөрі қолдануға ыңғайлы, - деп атап өтті Атырау облыстық ауруханасы бас дәрігерінің м.а. Ербол Иманғалиев.
Жалпы, отандық мұнай-газ саласы меценаттары мен «Бірлік» қорының қатысымен Атырау облысының ауруханалары жақын арада тағы 27 оттегі концентраторымен толықтырылады. Тағы 70 жиынтық Ақтөбе және Маңғыстау облыстарына жеткізіледі.