Атырау, 23 желтоқсан 11:48
 ашықВ Атырау -1
$ 523.86
€ 544.34
₽ 5.11

Қазақстандықтар 8 наурызда үш күн демалады

3 845 просмотра

АСТАНА, 23 ақп – Қазақстан жаңалықтары АА. Қазақстанда Халықаралық әйелдер күнін атап өтуге байланысты наурыздың 6, 7,8 демалыс деп жарияланды.

«Еңбекшілердің демалысы үшін қолайлы жағдайлар жасау және 2011 жылғы наурыздағы жұмыс уақытын ұтымды пайдалану мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі демалыс күні 2011 жылғы 5 наурыз сенбіден 2011 жылғы 7 наурыз дүйсенбіге ауыстыру туралы Қаулы қабылдады», - деп көрсетілген сәрсенбіде таратылған хабарламада.

Қаулыға сәйкес, 2011 жылғы 5 наурызда қажетті өнім шығару, қаржылықты қоса алғанда, қызметтер көрсету, сондай-ақ құрылыс объектілерін іске қосу үшін еңбек, материалдық және қаржы ресурстарымен қамтамасыз етілген ұйымдарға кәсіподақ ұйымдарымен келісім бойынша жұмыс жүргізуге құқық беріледі.

«Көрсетілген күнгі жұмыс Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес өтеледі», - деп аталды хабарламада.

newskaz.kz

25 ақпан 2011, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.