Атырау, 16 қаңтар 18:44
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -2
$ 529.70
€ 545.96
₽ 5.17

​Дәріхана қоймалары тексеріледі

6 693 просмотра

9-21 маусым аралығында 8 мобильді топ Атырауда 63 дәріхананы тексеріп, оның 32-інде дәрілерді шекті бағадан өсіріп сатқанын анықтады.

- Новиган нео 400 мг №20, Аспирин Кардио 100 мг №28, Нурофен 200 мг №12 және т.б. дәрілердің бағасына артық ақша қосып сатқаны анықталды, - деп хабарлайды Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің баспасөз қызметі. - Департаментте ҚР ӘҚБтК-нің 426 бабы («Фармацевтикалық қызмет ережелерін бұзу») бойынша жалпы сомасы 2 361 300 теңгеге айыппұл салынған 14 әкімшілік іс қаралды.

Департаменттің ақпараты бойынша, алдағы уақытта бөлшек сауда желісінде сату үшін дәріхана қоймаларына дәрі-дәрмектерді жеткізу бойынша мониторинг жалғасады. Дене қызуын түсіретін, бактерияға және вирусқа қарсы препараттардың болуына ерекше көңіл бөлінеді.

Дайындаған Айнұр САПАРОВА

22 шілде 2020, 17:26

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.