Атырау, 22 желтоқсан 17:21
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 517.66
€ 606.49
₽ 6.44

Монополист өтініш бергеніне өкінді

3 453 рет қаралды

Биыл мамырда Атырау облыстық табиғи монополияларды реттеу департаментіне «Атырау облысы Су Арнасы» ЖШС-нен жаңа, өсірілген тарифті бекіту туралы өтініш түсті.

Монополист су беру бойынша орташа босату тарифін (барлық баға ҚҚС-сыз) текше метріне 161,17-ден 262,47 теңгеге дейін, кәріз сулары  бойынша – 72,75-тен 158,95 теңгеге дейін өсіруді сұрады. Бірақ департамент өз бұйрығымен 7 шілдеден бастап керісінше, кәсіпорынға тарифті төмендетуді тапсырған. 1 тамыздан бастап тұрғындар үшін су беру бойынша АОСА қызметі текше метріне 89 теңге (3,92% төмендеу), басқа тұтынушылар үшін - 294,76 теңге (0,96% төмендеу); кәріз сулары бойынша: тұрғындар үшін текше метріне 28,1 теңге (12,19% төмендеу), басқа тұтынушылар үшін – 133,08 теңге (11,84% төмендеу) болып белгіленді. Сондай-ақ Мақат ауданында су беру бойынша орташа босату тарифі (10,57%-ға) төмендеді.

Мирас МҰСТАФАЕВ

20 шілде 2020, 15:36

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.