10 шілдеден бастап қаланың орталық көшелерінде «Спецавтобаза» ЖШС-іне қарасты жолға су шашатын көліктерінің көмегімен залалсыздандыру жұмысы жүріп жатыр, - деп хабарлайды қала әкімдігінің баспасөз қызметі.
Күн сайын сағат 20.00-ден бастап Сәтпаев, Владимирский, Сұлтан-Бейбарыс, Азаттық, Махамбет, Абай және Баймұханов көшелері өңделеді.
Одан бөлек, 17-18 шілдеде «Батыс» өңірлік әскерлер қолбасшылығының жеке құрамынан 40 әскери қызметші жұмылдырылып, орталық әуежайы аумағына, сонымен катар Нурсая, Тұлпар ықшамаудандарындағы көпқабатты тұргын үйдің кіреберістеріне дезинфекциялау жумыстары жүргізілді.
Күн сайын қаладағы 500 қоқыс алаңы хлормен өңделеді деп хабарлады баспасөз қызметі.
Дайындаған Айнұр САПАРОВА