Атырау, 29 наурыз 10:02
 ашықВ Атырау +10
$ 448.15
€ 483.46
₽ 4.86

​Атырауда пневмониядан тағы бір дәрігер көз жұмды

5 483 просмотра

«АЖ»-ға белгілі болғандай, 18 шілдеде №4 қалалық емхананың рентгенолог-дәрігері Нариман АҚПАНОВ қайтыс болды. Бұл Атыраудағы пневмониядан қайтыс болған бесінші медицина қызметкері.

Бүгін оның әріптестері отбасына қайғысына ортақтасып, көңіл айтқан қазанама жариялады. Дәрігер неден қайтыс болғанын ресми хабарлаған жоқ, бірақ ол пневмониямен ауырды деген ақпарат бар.

- Нариман Зулпыхарұлы көп жылдар бойы біздің №4 емханада еңбек етті. Өзінің терең білімі мен біліктілігін науқастарды емдеуге арнады. Оның өткір әзілі мен адами парасаттылығы, әділдікті ту етіп, өз позициясын қорғай білуі қасиеті біз үшін әрдайым үлгі болатын, - деп жазады марқұмның әріптестері.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін коронавируспен күресіп жүріп атыраулық төрт дәрігер қаза тапты. Олардың үшеуі - №2 облыстық аурухананың инфекционисі Жұмабек ДӘУЛЕТОВ, облыстық кардиология орталығының хатшысы Елена ПАПУЗИНА, облыстық аурухананың дәрігері Ғадлет СҰЛТАНҒАЛИЕВ қайтыс болғаннан кейін «Құрмет» орденімен марапатталды, ал облыстық жедел медициналық жәрдем станциясының фельдшері Алмагүл ДЕМЕСІНОВА қайтыс болғаннан кейін ІІІ дәрежелі «Барыс» орденімен марапатталды.

Имандары саламат болсын. 

Дайындаған Айнұр САПАРОВА

19 шілде 2020, 18:29

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.