Атырау, 25 сәуір 13:18
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 464.86
€ 544.03
₽ 6.14

Нотариус пен адвокаттарға жұмыс жасауға болады

3 622 рет қаралды

Кеңсесі бизнес-орталығында орналаспаған нотариус, адвокат, жылжымайтын мүлік агенттіктерінің қызметіне рұқсат берілді.

Бұл туралы Атырау облысының бас санитар дәрігері Сәдуақас БАЙҒАБЫЛОВ ӨКҚ өткен онлайн брифингте өзінің карантинді 3 тамызға дейін ұзарту туралы қаулысын түсіндірген кезде айтты.

Карантиндік шараларды сақтамағаны үшін бизнеске 230-дан 1600 АЕК көлеміне дейін айыппұл салынады. Жеке тұлғаларға да қалтасын қағатындай айыппұл қаралған. Олардың жазасы 30 АЕК-ке дейін (83 340 теңге). Тек соңғы бірнеше күнде маска тақпағаны үшін Атырау қаласының 16 тұрғыны әкімшілік жауапкершілікке тартылды. 

Зульфия ИСКАЛИЕВА

19 шілде 2020, 18:16

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.