Мұнай кеніштеріндегі жағдай тұрақты, деп мәлімдеді Атырау облысының бас санитарлық дәрігері Сәдуақас БАЙҒАБЫЛОВ ӨКҚ-де өткен онлайн-брифингте.
Теңіз кенішіндегі жағдайға түсінік бере отырып, қазір ол жақта сырқаттану деңгейі жоғары емес екенін атап өтті. Атырау облысында КВИ жұқтырудың 160-210 жағдайы тіркелуде, оның 40%-ы – кеніштің еншісінде.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Нұрлыбек ҚАБДЫҚАПАРОВТЫҢ айтуынша, Теңіз кенішінде барлығы 2166 жағдай анықталып, 1247 адам емделіп шыққан, 919 адам емделуде. Облыстағы басқа да ірі кәсіпорындар, соның ішінде АМӨЗ, ЕМГ бойынша жеке статистика жүргізілмейді.
Зульфия ИСКАЛИЕВА