
Атырау облысында полиция қызметкерлері мас күйде көлік басқарған жүргізушіні анықтады. Ол өткізіліп жатқан «Браконьер» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында ұсталды.
Құрманғазы аудандық полиция бөлімінің хабарлауынша, 12 қарашада сағат 22:55 шамасында Құрманғазы ауылының Бұзаусылан елді мекенінде Toyota Vitz маркалы автокөлігі тоқтатылды.
Тексеру барысында жүргізушіден алкоголь иісі сезіліп, медициналық куәландыру нәтижесінде оның жеңіл дәрежелі масаң күйде екені анықталды.
Аталған дерек бойынша азаматқа ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабы 1-бөлігімен әкімшілік хаттама толтырылып, жинақталған іс-құжаттар сотқа жолданды. Көлік құралы арнаулы айып тұрағына қойылды.
Полиция жүргізушілерді жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға және алкогольдік масаң күйде көлік басқармауға шақырады.
В Атырау +1.9