Атырау, 22 желтоқсан 17:19
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 517.66
€ 606.49
₽ 6.44

​Тәркіленген дәрі ауруханаларға бөлінеді

2 554 рет қаралды

Атырау облысының прокуратурасы дәрі-дәрмектерге қатысты алыпсатарлық фактілерін анықтау жұмысын жалғастыруда. Атыраудағы 8 дәріхананың әрқайсысына 361 мың теңгеден айыппұл салынды.

Өңірде құқық қорғау және мемлекеттік органдардың қызметкерлерінен құрылған арнайы жұмыс тобы іске қосылды.

- Осы кезге дейін облыс прокуратурасы дәрі-дәрмектерді жоғары бағамен сатудың 30 фактісін анықтады, 8 дәріхананың иесі әкімшілік жауапкершілікке тартылды, - деп хабарлайды облыстық прокуратураның баспасөз қызметі.

Бұдан басқа, прокуратураның үйлестіруімен құқық қорғау органдары дәрі-дәрмектер мен медициналық бұйымдарды үйде заңсыз сатудың 6 фактісін анықтады. Тергеу барысында заңсыз айналымнан 7500 дәрілік препараттар, 180 000 медициналық маска тәркіленді. Тәркіленген заттар ауруханаларға бөлу үшін денсаулық сақтау басқармасына тапсырылды.

Дәрі-дәрмектерді жоғары бағамен сату фактілері туралы +7 708 421 6147 (WhatsApp) нөмірі бойынша хабарлауға болады.

Фархат ӘБІЛОВ

19 шілде 2020, 11:58

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.