Атырау, 24 қараша 07:13
 ашықВ Атырау +4
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

​Әлеуметтік жәрдемақы кімге тиесілі

4 143 просмотра

Енді жалдамалы қызметкерлер 42 500 теңгені алуға өз бетінше өтініш бере алмайды - олар үшін оны жұмыс беруші жасайды. Ережедегі осы және басқа да өзгерістер туралы «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» АҚ Атырау филиалының басшысы Алмагүл ШАТЕНОВА өңірлік коммуникация қызметінде өткен онлайн-брифинг барысында айтты.

- Әлеуметтік төлем жалдамалы қызметкерлер, жеке кәсіпкерлер, жеке тәжірибемен айналысатын тұлғалар, бірыңғай жиынтық төлем (БАӨ) төлеушілер, сондай-ақ азаматтық-құқықтық келісімшарттар бойынша жұмыс істейтін жеке тұлғаларға тиесілі. Бірақ кейбір өзгерістер бар. Жалдамалы жұмысшылар бұл жолы әлеуметтік төлемге өз бетінше өтініш бере алмайды - олар үшін өтінішті жұмыс беруші жасауы тиіс. Тек жеке кәсіпкер, жеке тәжірибесін ұсынатын мамандар және азаматтық-құқықтық келісімшарт негізінде жұмыс жасайтындар өздері өтініш бере алады. Көктемде әлеуметтік жәрдемақы алған бірыңғай жиынтық төлем қатысушылары тағы да табыссыз қалғанын растап, өтініш беруі қажет. Бірақ, бір шарты бар – олар алғашқы жартыждылдықта әлеуметтік және зейнетақы аударымдарын жүргізуі тиіс. Олай болмаған жағдайда, жәрдемақы оларға тимейді. Сонымен қатар әлеуметтік демалыстағы: еңбек демалысындағы, бала күтімі бойынша, зейнетақы мен АӘК алушылар бұл жәрдемақыны ала алмайды, - деді А.Шатенова.

Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Серік ҚАМИДОЛЛА барлық үш топтағы мүгедектер, мүгедек балалар, мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған аналар, 6 жастан 18 жасқа дейінгі балалары бар АӘК алушылар жәрдемақы алуға құқылы екендігін атап өтті. Егер адам жақында ғана карантинге байланысты жұмыстан бос қалған болса, онда ол жұмсыпен қамту бөліміне есепке тұрып,  42 500 теңге емес, жұмыссыздыққа байланысты жәрдемақы алуына құқығы бар. 

Зульфия ИСКАЛИЕВА

19 шілде 2020, 10:05

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.