Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДҰ) соңғы тәулікте коронавирус жұқтырған 237 мыңнан астам жаңа жағдайды тіркеді. Мұндай деректер ұйымның ресми сайтында жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Ұйымның соңғы деректеріне қарағанда, тәулік ішінде 237 743 адам коронавирус жұқтырған, 5 682 науқас қайтыс болған.
Осылайша, ДДҰ деректеріне сәйкес, дүние жүзінде COVID-19 жұқтырғандардың жалпы саны 13 616 593-ке жетті, 585 727 адам көз жұмды.
Бұған дейінгі рекорд 12 шілдеде тіркелген. Ол кезде ұйымның есебі бойынша 230 мың жаңа жағдай анықталған.
Еске салайық, Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 68 703-ке жетті. 42 388 науқас аурудан айықты, 375 адам қайтыс болды.