Атырау, 26 қараша 03:00
 ашықВ Атырау -1
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

Австралияда коронавирус қайта өршіді

2 678 просмотра

Австралияның Виктория штатында вирус жұқтырғандар саны көбейіп барады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Соңғы тәулікте тағы 400-ден астам адамнан инфекция анықталды. Бұл аймақта бұрын-соңды болмаған рекордтық көрсеткіш. Індеттің өршуіне байланысты қазір штат шекаралары жабық тұр. 

Ал Мельбурн қаласында 6 аптаға карантин режимі енгізіліп, адамдардың көшеге себепсіз шығуына тыйым салынды. Жергілікті билік тұрғындарды сақтық шараларын естен шығармауға шақырып отыр. 

Дэниел Эндрюс, Виктория штатының премьер-министрі:

 – Штатта коронавирустан тағы 3 науқас көз жұмып, құрбандар саны 32-ге жетті. Адамдар талаптарды орындамаса, ахуал нашарлай түседі. Сырқат белгілері бар адамдар үйде отырмаса, жағдай ушыға береді. Қазір әр тұрғынға айтарым: баратын жеріңізде әлеуметтік арақашықтық сақталмайтынын білсеңіз, міндетті түрде маска тағыңыз. 

Осы категория бойынша: « 2030 жылы әлемде аштыққа ұшырағандар саны 840 млн-ға жетуі мүмкін Қытайдың Үрімжі қаласында 500-ден астам әуе рейсі ұшпай қалды »

Дереккөз: 24.kz

17 шілде 2020, 14:49

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.