15 шілдеде Атырау қаласы әкімдігінің мобильді тобы әкім орынбасары Самат ЕМБЕРГЕННІҢ бастауымен Сәтпаев даңғылы мен Құлманов көшесіндегі, Жұлдыз және Химпоселок ықшамаудандарындағы дәріханаларға рейд жүргізді, деп хабарлайды қала әкімдігінің баспасөз қызметі. Дәрі-дәрмектердің бағасын көтеріп сату бойынша 10 дерек анықталды.
Бұдан басқа, мобильді топ азық-түлік дүкендерінің бірінде тамақпен бірге дәрі-дәрмектің сатылғанын анықтады. Барлық материалдар экономикалық тергеу департаментіне жолданды. Бұл бағытта жұмыстар жалғасуда.
Атырау әкімдігі дәрі-дәрмектердің бағасын көтеру деректері бойынша 8 (7122) 27-10-28 «қауырт желі» телефонына және whatsapp-тағы +7 702 519 45 29 нөміріне хабарласу керектігін еске салады.
- Бүгінде «қауырт желіге» түскен төрт шағымның үшеуі расталды, материалдар шара қолдану үшін тиісті органдарға жолданды, - деді С. Емберген.
Дайындаған Айнұр САПАРОВА