Атырау, 28 наурыз 15:29
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +4
$ 449.58
€ 486.94
₽ 4.86

Көпір астындағы қарулы қақтығыс

Толықтырылды
4 692 просмотра

«АЖ» ақпараты бойынша, 12 шілде күні кеште Мечников-Баймұқанов көпірі маңында 5-6 жас жігіттердің арасында мылтық пен суық қару қолданған төбелес болды.

Расталмаған ақпарат бойынша, Жайыққа шомылып жүрген кезде олардың арасында түсінбеушілік орын алған. Төбелеске қатысушылардың екеуі оқ тиіп жараланса, біреуіне пышақ тиген. Үшеуі де облыстық ауруханаға жеткізілді.

Пышақпен жарақатталған жас жігіт алғашқы медициналық көмек көрсетілгеннен кейін үйіне жіберілді. Оқ тиген екеуі ауруханада, жағдайлары бірқалыпты. Полициядан мәлімет күтілуде.

Кейінірек полиция департаментінің өкілі Гүлназира МҰХТАРОВА хабарлағандай, шынымен осындай оқиға орын алған. Оқиғаға қатысушылар анықталып, қамауға алынды. Қазір сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.

Айнұр САПАРОВА

15 шілде 2020, 17:51

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.