Барлығы 115: Атырау облысының бас дәрігері 12 ИВЛ аппараты туралы ақпаратқа ​түсінік берді

1 373 рет қаралды

«Нұрлыбек Қабдықапаровтың айтуынша, Денсаулық сақтау министрлігінің есебінде көрсетілген 12 ИВЛ аппараты Атыраудағы инфекциондық стационарға тиесілі. Яғни, бұл аппараттар №2 Атырау облыстық ауруханасының реанимациясында орнатылған» деп хабарлайды облыстық коммуникациялар қызметі.

«Қазіргі уақытта Атырау қаласындағы аталмыш инфекциондық стационарда 12 реанимациялық кереует бар. Соған сәйкес, 12 реанимациялық керует 12 ИВЛ аппаратымен жабдықталып отыр.

Ал, облыстық ауруханадағы провизорлық орталық 14 ИВЛ аппаратпен жабдықталды. Сонымен бірге, перинаталдық орталық, облыстық балалар ауруханасы да арнайы балаларға арналған ИВЛ аппараттарымен қамтамасыз етіліп отыр.

Қазіргі уақытта Атырау облысындағы емдеу орындарында 115 ИВЛ аппараты бар. Алдағы уақытта қажетті ИВЛ аппараттар саны демеушілік есебінен көбейеді деп күтілуде» деді Атырау облысы денсаулық сақтау басқармасы басшысы Нұрлыбек Қабдықапаров.

14 шілде, 17:16

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 707 37 300 37 нөміріне және editors@azh.kz поштасына жібере аласыз.