Атырау, 29 наурыз 12:41
 ашықВ Атырау +10
$ 448.15
€ 483.46
₽ 4.86

Ауылда қоқыс қалдығы бөлек жиналады

4 034 просмотра
Көрнекі сурет

300 мың тұрғыны бар Атырауда тұрмыстық қоқысты бөлек жинау жүйесін енгізу мүмкін болмай отырғанда, 1585 адам тұратын Қызылқоға ауданындағы Жангелдин ауылының әкімі бұл жүйені жүзеге асырмақ.

ҚР мемлекеттік сатып алу сайтында ауыл әкімі Амангелді БАГДАРОВТЫҢ түрлі түсті боялған 18 торлы контейнер дайындаушыны іздейтіні туралы хабарламасы жарияланған. Жобаның құны жарты миллион теңгеге бағаланады.

- Тұрғындарды қоқысты өртемеуге үйреткіміз келеді. М. Лұқпанов, Д. Асанғалиев, А. Әлішова, Ә. Ерқалиев, Д. Қоспаев, Қ. Өтемұратов, С. Тұрышов, М. Өзен, І. Көпбаев көшелеріне пластик шөлмек салатын сары түсті, сұрыпталмаған коммуналдық қалдықтар, оның ішінде қағаз, картон салатын жасыл түсті, барлығы 18 дана контейнепді орнату жоспарланған. Әзірге қайталама шикізатты нығыздап жинап, ауыл әкімдігінің ескі ғимаратына қойып жатырмыз. Ол жерде енді орын жоқ. Сағыздан клиенттер табылды, олар жақын арада шикізатты алып кетуге уәде берді. Қазір қалдықтарды өртемеген соң түтін шықпай, ауа тазарып қалды, - дейді А. Бағдаров.

Мирас МҰСТАФАЕВ

Мемлекеттік сатып алу сайтынан алынған сурет

13 шілде 2020, 16:13

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.