Атырау, 22 желтоқсан 23:17
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 517.66
€ 606.49
₽ 6.44

Көлік жүргізген мас әйелдер ұсталды

4 484 рет қаралды

10 шілдеге қараған түні Атырау полицейлері мас күйде көлік тізгіндеген бес жүргізушіні ұстады. Олардың арасында екі әйел бар.

- Оларға қатысты ҚР ƏҚБтК 608-бабы (Жүргізушінің көлік құралын алкогольдік масаң күйде басқаруы) бойынша әкімшілік хаттама толтырылды, - дейді полиция департаментінің өкілі Гүлназира МҰХТАРОВА. – Сонымен қатар, заң бұзушылардың бірі - 25 жастағы азаматтың бұған дейін жүргізуші куәлігінен айырылғаны анықталды. Оған қатысты ҚР ҚК-нің 346-бабы (Көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған және алкогольдік масаң күйдегі адамның көлік құралын басқаруы) бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Биыл 11 қаңтардан бастап көлікті мас күйінде жүргізгені үшін жаза күшейтілді: мұндай заң бұзушылар 7 жылға дейін жүргізуші куәлігінен айырылады. Сол күні полицейлер Атыраудан бас санитариялық дәрігердің шектеу шаралары туралы қаулысын бұзған 5 жүргізушіні ұстады. Оларға қатысты материалдар қалалық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасына жолданды.

Фархат ӘБІЛОВ

12 шілде 2020, 14:26

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.