Атырау, 16 қаңтар 10:43
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 529.70
€ 545.96
₽ 5.17

Атырау облысындағы денсаулық сақтау саласын қатал Таубаев қолға алды

6 484 просмотра

Атырау облысында қатаң шектеу шаралары 11 шілдеден 12-не қараған түн ортасында күшіне енеді. Бұл туралы онлайн-брифингте Атырау облысы әкімінің орынбасары Бақтыгүл ХАМЕНОВА хабарлады.

Атырау облысының бас санитариялық дәрігерінің қаулысына енгізілген өзгертулер мен толықтыруларға сәйкес, сауда-ойын сауық орталықтарының, сауда үйлері мен желілерінің, көлік жуу, көлік және тұрмыстық техниканы жөндеу орындарының, бизнес орталықтарының, адвокат, нотариус, жарнама агенттіктерінің, сот орындаушыларының және т.б. қызметіне тыйым салынады.

Зат сататын дүкендер, қоғамдық тамақтану нысандары таңертеңгі сағат 10-нан кешкі 21.00-ге дейін «үйге жеткізу» қағидасы бойынша жұмыс істейді.

Ал азық-түлік дүкендеріне, шағын маркеттерге, супер- және гипермаркеттерге күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимді сақтап, сағат 21.00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат етілді.

Бұдан басқа, Атырау-Алматы, Атырау-Ақтөбе және Атырау-Маңғыстау жолаушылар теміржол тасымалы тоқтатылады.

Хаменованың айтуынша, 1 шілдеден бастап Атырау облысының денсаулық сақтау саласына әкімнің бірінші орынбасары (Нұрлан Таубаев - Н.Х.) жетекшілік етеді. Бірақ бұл бүкіл мәселе соған қойылады деген сөз емес. Өзекті мәселелермен өңір басшысының барлық орынбасары айналысады.

Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Нұрлыбек ҚАБДЫҚАПАРОВ 4 және 9 шілдеде «СК-Фармация» өңірге 2,5 млрд теңгеге дәрі-дәрмек жеткізгенін және оның емдеу мекемелеріне таратылғанын хабарлады. Бұдан басқа, дәріханаларға 220 миллион теңгеге  дәрі-дәрмектің 400 түрі жеткізілген.

Нұргүл ХАЙРУЛЛИНА 

11 шілде 2020, 23:21

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.