Атырау, 16 қаңтар 10:47
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 529.70
€ 545.96
₽ 5.17

Учаскелік дәрігерге барыңыз

3 128 просмотра

COVID-19-ды емдеу, барлық жұқпалы аурулар сияқты мемлекет есебінен МӘМС (міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру) арқылы толығымен қамтамасыз етіледі, ал ӘМСҚ (қор) қаражаты қосымша консультативтік-диагностикалық қызметтерді (КТ, оңалту және т.б.) төлеуге жұмсалады. Бұл туралы ӨКҚ-де өткен онлайн-брифинг барысында сұрақтарға жауап берген Денсаулық сақтау министрінің бірінші орынбасары Марат ШОРАНОВ мәлімдеді.

Қазір медицина қызметін тұтынушылар  - "Неліктен біз ӘМСҚ-ға қаражат аударып, содан соң өз жарнамызбен төлеген қызметті ақылы алуға тиіспіз?" деп наразылық білдіруде.

- КТ-нің қолжетімсіздігіне келер болсақ: учаскелік дәрігердің жолдамасы болған жағдайда диагностика тегін жасалады, ал өзіңіз барсаңыз - ол ақылы. Оған қоса, біз рентгенологиялық тексеруге клиникалық көрсетілім хаттамасын кеңейттік. Енді КВИ жұқтырған науқастар рентгенге ақысыз түсе алады, - деді вице-министр.

Ауызбен бәрі жақсы, бірақ бүгінде учаскелік дәрігерден тексеру үшін жолдама алу мүмкін емес. Дәрігерлер қоңырауға жауап бермейді, олардың көпшілігі науқастанып қалған, жұмыста жоқ.

Зульфия ИСКАЛИЕВА 

11 шілде 2020, 22:17

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.