Атырау, 29 наурыз 20:08
 ашықВ Атырау +1
$ 448.15
€ 483.46
₽ 4.86

Коронавирусқа қарсы күреске медициналық ЖОО студенттері тартылады

2 470 просмотра

Атырау облысында қазіргі уақытта интернатурада оқып жатқан 100-ден астам жас маманды жұмысқа тарту жоспарлануда.

Бұл туралы ӨКҚ-де өткен онлайн-брифингте медицина кадрларының жетіспеушілігіне қатысты сұраққа жауап берген ҚР Премьер-министрінің орынбасары Ералы ТОҒЖАНОВ айтты.

- Кадр мәселесі қазір еліміздің барлық облысында өзекті болып отыр. Мыңға жуық дәрігер жетіспейді. Ал қазір атыраулық жастар интернатурада оқып жатыр, оларды дайын мамандар десек болады, оларды жұмысқа тартуға болады, - деп атап өтті ол.

Естеріңізге салсақ, 10 маусымда Премьер-Министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов бастаған делегация Атырау облысына жұмыс сапарымен келді. Делегация құрамында Денсаулық сақтау министрінің бірінші орынбасары Марат ШОРАНОВ, Энергетика вице-министрі Әсет МАҒАУОВ және Ресейден шақырылған Тұтынушылардың құқықтары мен адам денсаулығын қорғау федералды қызметінің «Микроб» ғылыми орталығының жетекші ғылыми қызметкері Ирина ШАРОВА, Тула облысының тұтынушылардың құқықтарын және адам денсаулығын қорғау басқармасы бастығының орынбасары Залимхан ОМАРИЕВ бар.

Қазір Атырауда 1429 дәрігер пандемиямен күресуде. 278 дәрігердің жетіспейтіні қатты сезіледі. Бұл мәселені шешу үшін Ресеймен келіссөздер жүргізіліп жатыр, аймаққа жас мамандарды тарту жұмыстары жүргізілуде. Бұдан басқа, басқа өңірлерде білімдерін арттырып, интернатура мен ординатурада тағылымдамадан өтіп жатқан атыраулық 122 жас маман коронавирусқа қарсы күреске тартылады.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

11 шілде 2020, 11:46

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.