Атырау, 28 желтоқсан 19:30
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -7
$ 504.60
€ 594.27
₽ 6.48

Сеул мэрі жоғалып кетті

3 232 рет қаралды

Оңтүстік Корея полицейлері Сеул мэрі Пак Вон Сунды іздестіріп жатыр. Бұл туралы мэрдің қызы айтты, - деп хабарлайды РИА Новости.

Ренхап агенттігінің мәліметінше, мэр із-түссіз жоғалып кеткен соң оның қызы шамамен сағат 17.17-де полицияға арыз қалдырған (Нұр-Сұлтан уақыты бойынша сағат 14.17-де). Ол әкесінің үйден шамамен 4-5 сағат бұрын кеткенін хабарлаған.

Сондай-ақ, ол әкесінің өсиетке ұқсас сөздер айтып кеткенін жазған. Мэрдің телефоны әлі сөндірулі.

Полиция қазіргі уақытта іздестіру жұмыстарын жүргізіп жатыр.

9 шілде 2020, 19:35

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.