Соңғы күндері Атырауда өрт оқиғалары жиілеп кетті. Төменде оқиғалар хроникасынан бірнеше деректер келтірілген.
1 шілдеде сағат 21:20-да Атырау ықшам ауданында орналасқан ТЖД диспетчерлік қызметіне көлік жөндеу орталығының өртеніп жатқаны туралы сигнал келіп түсті. ТЖД-ның 20 қызметкері 5 техникамен барып, бір жарым сағаттан кейін жалынды сөндірді. Өрт себебі мен келтірілген залал мөлшері анықталуда.
* * * * *
1 шілдеге қараған түні Таңдай ауылының маңындағы Атырау-Махамбет трассасында «Renault Magnum 440» фурасы өртенді. Өрт 40 минут ішінде өшірілді, бірақ жүк көлігінен түк қалмады.
* * * * *
3 шілдеде Құрманғазы көшесіндегі «Жалғас» көліу жуу орнында КамАЗ кабинасы мен мотор бөлігі жанып кетті.
* * * * *
4 шілдеде Балықшыда көппәтерлі үйдің біріндегі пәтерден өрт шықты. Өрт сөндіру кезінде ТЖД қызметкерлері 57 жастағы мүгедек жанды құтқарды.
* * * * *
7 шілдеде күндіз Азаттық даңғылындағы №126 В үйде орналасқан үш гараж жанып кетті. Екеуінің іші бос болған, үшіншісінде ВАЗ-21213 маркалы көлік өртенді.
Дайындаған Фархат ӘБІЛОВ