Рейтингте «ауыр салмақтылар» көш бастап тұр. Атырау облысының әкімі - соңғы орында

1 325 рет қаралды

«Стратегия» әлеуметтік және саяси зерттеулер орталығы» қоғамдық қоры өз сайтында облыс және республикалық маңызы бар қала әкімдерінің 2020 жылдың бірінші жарты жылдығына арналған рейтингін жариялады. 23 сарапшы (есімдері аталмады) олардың жұмысын халық арасында танымалдылық деңгейі, өңірдің экономикалық және ішкі саяси ахуалын басқаруы, ақпаратқа ашықтығы (оның ішінде әлеуметтік желіде) және саясаткер ретінде келешегі бойынша бағалады.

Ең жоғары ұпайларды 67 жастағы Жамбыл облысының әкімі Бердібек САПАРБАЕВ (бұл облысқа 2020 жылдың 10 ақпанынан бастап әкім болды, ал осыған дейін, 90-жылдардың ортасынан бастап Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарының әкімі болған, кезінде министр, және вице-премьер қызметтерін атқарған) және 56 жастағы Түркістан облысының әкімі Өмірзақ ШҮКЕЕВ (2019 жылдың ақпан айынан бастап осы облысқа әкім болды, ал осыған дейін 90-жылдардан бастап Қостанай облысының, Астана қаласының, Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі, министр және бірінші вице-премьер болған) иеленді.

Ал ең төменгі ұпай - Павлодар облысының 46 жастағы әкімі Әбілқайыр ЫСҚАҚОВТЫҢ (2020 жылдың 21 қаңтарынан бастап), Ақмола облысының 50 жастағы әкімі Ермек МАРЖЫҚБАЕВТЫҢ (2019 жылдың наурызынан бастап) және Атырау облысының 59 жастағы әкімі Махамбет ДОСМҰХАМБЕТОВТІҢ (2019 жылдың 18 желтоқсанынан бастап) еншісіне тиді. Біздің әкім соңғы 17 орында тұр.

Дайындаған Айнұр САПАРОВА

9 шілде, 14:15

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 707 37 300 37 нөміріне және editors@azh.kz поштасына жібере аласыз.