Атырау, 5 желтоқсан 07:44
 бұлттыВ Атырау +4
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

Атырауда азаматтарды әскери қызметке шақыру жұмыстары жалғасуда

3 626 рет қаралды

Облыста жыл басынан бері 504 адам әскерге жөнелтілген, деп хабарлайды Атырау облыстық коммуникациялар қызметі. 

Бұл туралы ӨКҚ-нің баспасөз орталығында өткен онлайн брифингте облыстық қорғаныс істері жөніндегі департамент бастығының орынбасары Айдос Аманғалиев мәлімдеді. Оның айтуынша, биыл облыстан әскерге жіберілуге жүктелген азаматтардың жалпы саны - 669 адам. Қазіргі уақытта оның 504-і азаматтық борышын өтеуге аттанған. 

- Жастарды  әсіресе, ер азаматтарды отансүйгіштікке тәрбиелеп, олардың болмыс-бітіміне батылдық пен жауапкершілік сезімін сіңдіре білу - өте маңызды. Осы орайда өңіріміздің азаматтарын мерзімді әскери қатарына шақыру жұмыстары маңызды рөл атқарады, - деді Айдос Аманғалиев. 

Сондай-ақ, әскерге шақырушылар оқу орындарын аяқтамай әскер қатарына жіберілмейді. Тек азаматтар өз еркілерімен оқу мерзімдерін уақытша тоқтатып, әскери қызметке шақырту ала алады. 

- Бүгінде әскер қатарына шақыруға орта, арнаулы орта және жоғары білімі бар азаматтар шақырылуда. Өйткені, физикалық дайындық пен моральді-психологиялық дайындықтан бөлек, білім де әскер үшін өте маңызды. Бұл ретте әр сарбаз әмкери тапсырманы уақытылы, сапалы әрі нақты орындауы тиіс, - деп қорытындылады облыстық қорғаныс істері жөніндегі департамент бастығының орынбасары Айдос Аманғалиев.

9 шілде 2020, 13:22

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.