Өзбекстанда 10 шілде мен 1 тамыз аралығында қатаң карантин енгізіледі, деп хабарлайды Sputnik Өзбекстан.
Республика бойынша көлік құралдарының елді мекендер мен ауыл аймақтар арасындағы қозғалысы шектеледі.
Кез-келген қоғамдық және ойын-сауық шаралары мен үйлену тойларын, туған күндерді және басқа да мерекелерді ұйымдастыруға тыйым салынады. 65 жастан асқан қарт адамдардың қоғамдық орындарда жүруіне болмайды.
Серуендеу алаңдары, азық-түлік емес базарлар мен дүкендер, спорт залдар, тамақтану орындарының жұмысы тоқтатылып, жағажайлар жабылады.
Шет елдердегі эпидемиологиялық жағдайға байланысты халықаралық рейстер де азаяды.
"Мұндай шаралар Өзбекстанда коронавирустың тез таралуы мен өлім-жітімнің өсуіне байланысты қабылданып отыр",– деп мәлімдеді арнайы комиссияның баспасөз қызметі.
Worldometers веб-сайтының хабарлауынша, Өзбекстанда эпидемия басталғаннан бері 11 мыңнан астам COVID-19 инфекциясын жұқтырды. 7000-нан астам науқас жазылып, 45 адам қайтыс болды.
Ал Қазақстанда 5-19 шілде аралығында қатаң карантин енгізілді. Бірақ жағдайға қарай карантин мерзімі ұзартылуы мүмкін.