Атырау, 27 сәуір 04:50
 ашықВ Атырау +24
$ 443.35
€ 475.54
₽ 4.82

Атырау облысының әкімі: «Әкелінген дәрі-дәрмектер бәріне жетуі тиіс»

3 431 просмотра

Жақында Алматыдан арнайы көлікпен Атырауға жеткізілген қажетті дәрі-дәрмектердің ірі партиясы демеушілер есебінен сатып алынды, бұған "Инкар" ЖШС 220 миллион теңге бөлді. Тағы бір үлкен партияны аптаның соңында жеткізу жоспарлануда. Бұл туралы бүгін, 8 шілдеде өткен брифингте облыс әкімі Махамбет ДОСМҰХАМБЕТОВ мәлімдеді.

- Соңғы күндері өңірде дәрі-дәрмек тапшылығы байқалды. Қазір біз осы мәселені шешудеміз. Атырауға дәрі-дәрмектің 430 түрі жеткізілді - бұлар антибиотиктер (азитромицин, цефозалин, цефтриаксон), ыстық түсіретін дәрі-дәрмектер мен дәрумендер және тағы басқалар, - деді әкім. – Облыста 314 дәріхана бар, олардың 223-і – Атырауда орналасқан. Менің тапсырмам бойынша қазір қала әкімдігі қаладағы дәріханаларға дәрі-дәрмектер жеткізіп жатыр, аудандарға да жеткізіле бастады. Бұдан басқа, «СК-Фармация» ЖШС көмегімен стационарлар мен алғашқы көмек көрсететін медицина мекемелеріне әкелінуде.

Оның айтуынша, дәрі-дәрмек бағалары бақылауда ұсталады:

- Полиция, әкімдік, СЭС-тің қатысуымен арнайы топ құрылып, олар дәріханалардағы бағаларды тексереді. Егер олар байқамаса, сіздерден штабқа хабарлауды сұраймыз, біз шара қолданамыз.

Қазіргі тағы бір өткір мәселе - медицина кадрларының жетіспеушілігі. Досмұхамбетовтың айтуынша, өңірде 278 медицина қызметкері жетіспейді. Бізге анестезиолог-реаниматологтар, акушер-гинекологтар, инфекционистер, эпидемиологтар және т.б. қажет. Қазір Ресейден мамандарды, сонымен қатар медицина институттарының биылғы түлектерін тарту мәселе шешілуде.

Облыста корановируспен күресуге түрлі санаттағы 1429 медицина қызметкері тартылды. Сәуір-маусым аралығында оларға жалпы сомасы 480 миллион теңге үстеме ақы төленді.

Бүгінде облыс бойынша жұқпалы ауруларға арналған 694 кереует орын (87% толды), 805 провизорлық кереует (70% толды) және карантиндегілерге арналған 2328 орын бар. Жақында жұқпалы ауруларға арналған тағы 100 кереует облыстық кардиологиялық орталықта ашылды. Барлық емханаларда тәулік бойы провизорлық стационарлар жұмыс істей бастады. Ол жерде жеңіл сырқаттанған, пневмониямен ауырған және ЖРВИ белгілері бар науқастарға медициналық көмек көрсетіледі.

Жұқпалы аурулар және провизорлық стационарлардың жансақтау бөлімшелерінде 115 ИВЛ аппараты бар (қазір оларға 12 науқас, 29 рентген аппарат және 4 компьютер томографы) қосылған.

- ИВЛ әзірге жеткілікті, бірақ тағы 40 шақтысын аламыз. Бұл тапшы жабдық, бірақ мәселені осы айдың аяғына дейін шешеміз деп ойлаймын, - деді әкім.

Айнұр САПАРОВА

8 шілде 2020, 17:06

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.