Атырау, 29 наурыз 06:41
 ашықВ Атырау +4
$ 448.15
€ 483.46
₽ 4.86

Атырауға тапшы дәрі-дәрмектер жеткізілді

3 124 просмотра

Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлады. Соңғы күндері тұрғындар үшін тапшы болып кеткен дәрі-дәрмектер Алматыдан арнайы жүк көлігімен жеткізілді. Дәрі-дәрмектер қаладағы қоймалардың біріне түсірілді. 

"INKAR" ЖШС фармацевтикалық компаниясы Атырау филиалының директоры Светлана Липатованың айтуынша, дәрі-дәрмектердің бұл партиясы тұрғындар сұранысын қамтамасыз етеді. Дәрі-дәрмектің 430 түрі әкелінген, оның 50-ге жуығы антибиотиктер (азитромицин, цефазолин, цефтриаксон ж»не т.б.) және инъекцияға арналған лидокаин ерітіндісі. 

- Қала әкімдігі логистика жағынан қолдау көрсетті. Теміржолмен әкелу өте көп уақытты алатындықтан, арнайы көлікпен жеткізілді, - дейді С. Липатова.

Оның айтуынша, бүгін түске қарай дәрілік өнімдер Атырау мен аудандардағы дәріханаларға таратылады.  

Атырау облысы әкімінің орынбасары Ержан Әбілханов дәріханаларда дәрілердің бұрынғы бағамен берілетінін атап өтті:

- Дәріханалардың оларды қымбаттатып жібермеуі қатаң қадағаланады.  

Оның айтуынша, бірнеше күн бұрын облыс әкімі Махамбет Досмұхамбетов дәрі тапшылығын жедел түрде шешуге қатысты тапсырма берген.  Енді міне, ірі партия жеткізілді.

Бұдан басқа, дәрі-дәрмектер бағасының белгіленген мөлшерден аспауын қадағалау және олардың әр адамға тиесілі мөлшерден артық сатылмауына қатысты облыс әкімдігі, «ФармҚауымдастық» қоғамдық бірлестігі және Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті арасында меморандумға қол қою жоспарланып отыр.

Дайындаған Айнұр САПАРОВА

6 шілде 2020, 12:11

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.