Атырау, 9 қазан 22:12
 дождьВ Атырау +19.3
$ 448.94
€ 502.05
₽ 5.26

Испанияда шектеу шаралары қайта күшейді 

3 310 рет қаралды

Испанияның солтүстік-батысында коронавирус індетінің таралуына байланысты шектеу шаралары қайта күшейді, деп хабарлайды 24.kz

Елдің 70 мың тұрғыны бар Галисия автономды бірлігінің үкіметі 5 күндік қатаң карантин режимін енгізді. Бұл аймақта коронавирус дертіне шалдыққан науқастардың саны 100-ден асып отыр. 

Карантин талаптарына сәйкес дүкендер мен мәдени-демалыс мекемелерінде адам санына шектеу қойылды. Сонымен қатар халық міндетті түрде маска мен қолғап тағуы тиіс.

Естеріңізге салайық, жуырда Каталонияның Сегриа ауданы да оқшауланды. Тұрғындардың бұл өңірге кіріп-шығуы шектелді. Аймақта дәрігерлер жаңа науқастар үшін дала госпиталін ашты. 

Айта кетейік, Каталонияда эпидемия басталғалы 62 мыңнан астам адам коронавирус инфекциясына шалдығып, 5 мың 600 науқас осы кеселден көз жұмды.

6 шілде 2020, 10:26

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.