Атырау, 24 сәуір 14:35
 ашықВ Атырау +19
$ 444.32
€ 473.33
₽ 4.76

​Қандай нысанның құрылысы тоқтап тұр және «Түркістан жобасы» не болды?

3 165 просмотра

«АЖ» елде төтенше жағдай жарияланып, карантин енгізілуіне байланысты Атырау облысындағы құрылысы кейінге қалдырылған жобалар туралы мәліметтерді анықтады.

«АЖ» сауалына облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы  қазір 4 нысанның: Балауса аулында 600 орындық мектеп, Қызылқоға ауданы Қарабау ауылында фельдшерлік-акушерлік пункт, Мақат кентінде көпсалалы спорт кешені, Құлсары қаласында аудандық емхананың автотұрақ құрылысы тоқтап, кейінге қалдырылды деп жауап берді. «Кейінге қалдырылған жобалар шектеу шаралары аяқталған соң, бірінші кезекте қолға алынады» .

Сонымен қатар, 8 білім беру және спорт нысандары бойынша жобалау-сметалық құжматтамасын әзірлеу де уақытша тоқтатылған – қандай жобалар екенін басқармадағылар айтқан жоқ.

Ал облыстық құрылыс басқармасы қазір қаладағы Балауса ауылындағы мектепке құрылысшылар келіп жатқанын хабарлады. Мердігер мекеме – «КапстройАлматы» ЖШС. Мектепті биылғы жылдың соңына дейін тапсыру жоспарланып отыр. Қызылқоға ауданы Қарабау ауылындағы фельдшерлік-акушерлік пункт құрылысы да қайта қолға алынды. Сонымен бірге, облыстық құрылыс басқармасынан келген жауапқа сәйкес, бюджет мүмкіншілігінің шектеулі болуы себепті биыл жоспарланып отырған қала аумағына кіретін Жаңаталап ауылдық округіндегі мектеп-интернат құрылысы уақытша тоқтатылған. Жобаның жалпы құны 1 млрд 790 млн теңге.

Елдегі ахуалдың өзі бюджетті қайта қарастырып, қажетсіз шығындардан бас тарту керектігін күні кеше кеңесте президент Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ та әкімдер мен министрлерге тапсырды. Қажетсіз шығындар деп ол конференцияларды, дөңгелек үстелдерді, салтанатты шараларды атап өтті. Ал Атырау облыстық бюджеті есебінен қаржыландырылып отырған қазіргі кезде аса маңызды емес, бірақ ауқымды «Түркістан қаласындағы «Ұлы дала елі» орталығы» жобасының  құрылысы қайта қарала ма? Оның құны 9 млрд теңгеден астам (жартысынан көбін ТШО бөліп отыр). Бұл қаражатты қазіргі жағдайда басқа  қажеттілікке жұмсаған жөн шығар.

Әлеуметтік желіде осы құрылысты сынға алғандарға облыстық әкімдіктің баспасөз қызметі бұған бөлінген қаржы облыстық мәслихат депутаттарымен 2018 жылы бекітіліп, құрылысы 2019 жылы басталып кеткенін жеткізді. 

Айнұр САПАРОВА

6 шілде 2020, 10:15

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.