Атырау, 23 сәуір 23:02
 ашықВ Атырау +22
$ 445.66
€ 474.58
₽ 4.78

Мостовой өзегі қалпына келтіріледі

3 362 просмотра
"АЖ" мұрағатынан алынған сурет

2003 жылы ландшафты жасыл белдеумен безендіріліп, жерасты суларының деңгейін төмендету үшін салынған, кейін қараусыз қалып, лайланып кеткен Мостовой каналы қайта жанданбақ. Бұл туралы Атырау қаласының әкімі Қайрат ОРАЗБАЕВ қаладағы нысандарды аралау барысында мәлімдеді.

Оның айтуынша, қазір арнаны судан тазарту, қамысты шауып, қоқысын шығару жоспарланған.

Ұзындығы 15 шақырым болатын Мостовой өзегінің Атырау ықшамауданындағы Жайық өзенінің суымен толығып, Еркінқала маңына дейін созылып жатқаны белгілі. Қала әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлағандай, бүгінде арнаны «Арнаулы автобаза» ЖШС мен «Атырау облысы Су Арнасы» бірлесіп тазартуда.

Жұмыстар суару желісі тартылған Әлиев көпірінің астындағы учаскеде және Балауса ықшамауданындағы қоқыс алаңында жалғасады.

- Қала маңында жалпы ауданы 600 га болатын жабайы 11 қоқыс алаңы анықталды (Жұмыскер, Бірлік, Ақсай-2 және Ақжар-2 ауылдары, Жұлдыз, Самал ықшамаудандары, орталық мұсылман зиратының жанында, Сарыөзек, Еркінқала, Ракуша ауылдары және Балауса ықшамауданы), - деп хабарлады Атырау әкімдігінің баспасөз қызметі. - Осы қоқыстарды тазарту бойынша ашық конкурс жарияланып, «Atyrau Steel Plant» ЖШС жеңімпаз деп танылды. Қазір жалпы ауданы 414 га болатын 5 орын (Самал ықшамауданы, Бірлік, Сарыөзек, Жұмыскер ауылдары, орталық мұсылман зиратының жаны) тазартылды. Қалған жерлер осы жылдың қыркүйек айына дейін тазартылады.

Айнұр САПАРОВА

5 шілде 2020, 22:08

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.