Атырау, 27 сәуір 06:38
 ашықВ Атырау +24
$ 443.35
€ 475.54
₽ 4.82

Әзірге сәуірдегідей екі апталық карантин енгізіледі

3 132 просмотра

4 шілдеде Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті басшысының орынбасары Сүлеймен ӘУБӘКІРОВ пен Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Нұрлыбек ҚАБДЫҚАПАРОВТЫҢ қатысуымен онлайн-брифинг өтті. 5 шілдеден бастап 2 апталық қатаң карантин енгізу жөнінде мәселе қозғалды.

Бұл тек біздің өңірімізде ғана емес, бүкіл елде осылай. С.Әубәкіров облыстың бас санитариялық дәрігерінің қаулысының негізгі тармақтарын атап өтті, бұл сәуір айындағыдай карантин шаралары. Толық мәтінді мына жерден оқуға болады.

Қабдығапаров өз кезегінде атыраулықтарды осы талаптардың бәрін орындауға шақырып, дәрі-дәрмектер туралы сұрақтарға жауап берді.

- Бүгін келісім жасалған «Фармация» СК жұқпалы аурулар және провизорлық стационарларға қажетті дәрі-дәрмектерді жеткізе бастады. Жеті ауданның бәріне де солай. Ертең тарату жалғасады. Келесі аптада сол «Фармация» күнделікті сұранысқа ие дәрі-дәрмектерді жеткізеді, - деді Қабдықапаров. - Барлық аймақта дәрі-дәрмек тапшылығы байқалып жатқанын өздеріңіз білесіздер. Бізде облыста 192 жеке дәріхана бар, олар тікелей облыстық денсаулық сақтау басқармасына бағынбайды. Бірақ облыс әкімі тұрғындарды дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету мәселесін шешуді жеке кәсіпкерлер алдына да қойды.

Ол сонымен қатар, қазір коронавируспен күресу үшін Атырауға жеке емханалардың және басқа облыстардың дәрігерлері тартылып жатқанын хабарлады.

Айнұр САПАРОВА

5 шілде 2020, 19:09

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.