Атырау, 27 сәуір 03:43
 ашықВ Атырау +24
$ 443.35
€ 475.54
₽ 4.82

Қатаң карантин енгізілген алғашқы күн - "АЖ" фоторепортажы

3 762 просмотра

Бүгіннен бастап елімізде, соның ішінде Атырауда, демалыс күндері жеке автокөлік қозғалысына жүруге толық тыйым салынған қатаң карантин шаралары енгізілді. Мұнайлы шаһардағы бүгінгі тірлік «АЖ» тілшісінің фоторепортажында.

Турникет қойылған орталық көпірдің алды таңартең сағат 10 да көліктерге толы болды. Кей жүргізушілер жұмыстан берген анықтамасын көрсетіп, біреулер дәріханаға бара жатқанын айтып себептерін түсіндіргенімен, полицейлер оларды келесі бетке өткізбеді. Алайда шұғыл шаруасы болып көпірмен жаяу өтем деушілерге рұқсат етілген.

Ал жилгородок көпірінде полиция жұмыс орнынан анықтама қағазы барларды келесі бетке өтуіне рұқсат етіп жатыр. Соның өзінде де Әуезов көшесінің бойында ұзын-сонар кезектің соңына көз жетпейді.

...Қаланың басқа жердегі базарларындай, «Сарайшық» коммуналдық базары да жабық.

Атырау облысының Бас мемлекеттік санитар дәрігерінің қаулысына сәйкес, әр сенбі мен жексенбі күндері автомобиль қозғалысына толық тыйым салынған шектеу шаралары 19 шілдеге дейін сақталады.  

Суреттер пен мәтін авторы Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ

5 шілде 2020, 18:02

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.