Атырау, 20 сәуір 19:27
 ашықВ Атырау +20
$ 446.49
€ 475.38
₽ 4.79

Атырауда коронавирус инфекциясымен күрес жөніндегі аймақтық жедел штаб құрылды​

4 023 просмотра

Атырау облысының Бас санитариялық дәрігерінің қаулысының талаптарын сақтауды бақылау жөніндегі орган өз жұмысын осы жылдың 5 шілдесінде бастады.

Бұл туралы 4 шілдеде ӨКҚ-нің баспасөз орталығында өткен онлайн-брифингте белгілі болды.

Айта кетелік, облыстың Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулысына сәйкес, коронавирус инфекциясымен күрес жөніндегі аймақтық жедел штаб құру туралы Атырау облысы әкімдігіне тапсырма берілген.

- Штаб шектеу шаралары мен талаптардың орындалуын бақылауды қамтамасыз етуі керек. Қажет болған жағдайда, қатаң карантиндік шараларды енгізу туралы ұсыныс білдіре алады, - делінген қаулыда.

Айта кету керек, штаб құрамына құқық қорғау және қадағалау органдарының, тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті, денсаулық сақтау басқармасы, қалалық және облыстық әкімдіктердің өкілдері кіреді. Өңірлік штаб жұмысы туралы ақпарат бұқаралық ақпарат құралдарында және әлеуметтік желіде жарияланады.

5 шілде 2020, 17:29

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.