«АЖ» сауалына ТШО-ның баспасөз қызметі 4 шілде күні мердігер ұйымның қазақстандық екі қызметкері арасында тұрмыстық негіздегі жанжал болып, содан екеуі де зардап шеккен деп жауап берді. Екеуі де ТШО-ның клиникасына жатқызылды, қазір олардың өміріне қауіп төніп тұрған жоқ. Болған оқиға туралы полиция хабардар болды.
Ал Полиция департаментінде аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатқанын айтты.