Атырау, 28 наурыз 19:33
 ашықВ Атырау 0
$ 449.58
€ 486.94
₽ 4.86

Атырау дәріханаларындағы кезек (фоторепортаж)

Сурет
3 628 просмотра

5 шілдеден бастап Атырауда екі аптаға созылған карантин жалғасады деген хабарды естіген атыраулықтар ширақ қимылдай бастады. Ең бастысы қазір дәрі-дәрмек іздеп жүргендер көбейді. Дәріханаларда ұзын-сонар кезек пайда болды.


Сарайшық базарында халық көп. Көлік тұрағында мүлдем орын жоқ.


«На Гурьевской» дәріханасы. Бұл жерде осы ыстықта адамдар сағаттап кезек күтуге мәжбүр.


Ал, Махамбет көшесінің бойындағы «Зерде» дәріханасында бүгін таңертеңнен түскі 12:00 ге дейін 700 адам кезек алған. Мұнда алды сағат таңғы төрттен бұрын кезекке жазыла бастаған. Кеше күні бойы кезек күтіп, ақыры кіре алмаған тұрғынмен тілдестім.      

-Дәріхана кешкі сағат он бірге дейін 887 адамды қабылдады, - дейді ол. - Менің кезегім жетпей қалды. Бүгін қайтадан кезекке тұруға тура келді. Өйткені маған қажетті антибиотиктер тек осында бар.

Дәріхана 8:00-23:00 сағат аралығында жұмыс жасайды. Ал, сағат 12:30 шамасында 88-інші адам ғана кіріп жатты. Осы сәтте есіктен дәріхана қызметкері шығып, кезектегілерге дәрі дәрмектің жеткілікті екенін және өздерінің уақытын босқа кетірмеу үшін соңғы кезекке тұрғандар кезекті үйлерінен күтіп, төрт сағаттан соң келулерін өтінді. Антибиотик дәрілер тек рецептімен беріледі. Ал, дәріхананың есігінде дәрілер адам басына шектеулі мөлшерде берілетіні ескертілген.  

Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ

Суреттерді түсірген автор

5 шілде 2020, 10:38

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.