Атырау, 16 қаңтар 04:59
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -3
$ 529.70
€ 545.96
₽ 5.17

Сот хроникасы

3 316 просмотра

Атырау қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабының 6-бөлігімен (Көлік құралдарын басқару құқығы жоқ жүргізушінің көлік құралын алкогольдік масаң күйде басқаруы) азамат А. Н-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Сотта анықталғандай, 30 маусым күні Астрахань тас жолында А.Н. мас күйінде және жүргізуші куәлігінсіз өзінің «ВАЗ 21122» автокөлігін басқарып келе жатып «ГАЗ A21R33» автокөлігімен соқтығысқан. Whatsapp бейнебайланысы арқылы сотқа қатысқан құқық бұзушы өз кінәсін толық мойындады. Сот оны 20 тәулікке әкімшілік қамауға жіберді.

* * * * *

Исатай аудандық соты азамат С-ны маскүнемдіктен еріксіз емдеуге жіберу туралы Исатай аудандық орталық ауруханасының арызы бойынша азаматтық істі қарады.

Сотта анықталғандай, маскүнемдікке шалдыққан С. нарколог-дәрігердің есебінде тұр, амбулаториялық емдеуден бас тартып, ішімдік ішуге әуес екені, қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін бірнеше рет әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

Исатай аудандық  полиция бөлімінің өкілі С. алкогольге тәуелді болуына байланысты  жағымсыз әдеттерімен сипатталатынын баяндады.

Сот шешімімен С. 9 айға наркологиялық диспансерге мәжбүрлі емдеуге жіберілді.

* * * * *

Қызылқоға аудандық соты ҚР ӘҚБтК-нің 482-бабы бойынша («Қаруды заңсыз сақтау") азамат Ж-ға қатысты әкімшілік істі қарады.

Сотта анықталғандай, Ж. полицияда тіркелмеген 16 калибрлі қос ауызды аңшы мылтығын заңсыз сақтаған. Ол кінәсін мойындап, мылтық қайтыс болған әкесінен қалғанын, ол оны ешқашан пайдаланбағанын және оның тіркеуге жататынын білмегенін айтты. Сондай-ақ, сотқа қару атуға жарамды деген криминалистердің қорытындысы келіп түсті.

Ж. кінәлі деп танылып, қаруы тәркіленіп, 38 892 теңге айыппұл салынды. 

Дайындаған Айнұр САПАРОВА

4 шілде 2020, 14:59

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.