2020 жылдың 4 шілдесінде Атырау қаласында «Көмек Атырау» қоғамдық бірлестігінің бастамасымен дәрі-дәрмектерді тарату акциясы ұйымдастырылды.
Айта кету керек, Атырау қаласы әкімдігінің бұл акцияны өткізуге еш қатысы жоқ.
Акцияны ұйымдастырушылар тиісті қауіпсіздік шараларын және әлеуметтік қашықтықты сақтамады.
Қазіргі уақытта акция тоқтатылды, ұйымдастырушылар жауапқа тартылады.
Құрметті атыраулықтар!
Қала әкімдігі өңірде алдағы күндері тұрғындарды қажетті дәрі-дәрмектерді жеткізуді ұйымдастыру үшін қажетті шаралар қабылданғанын хабарлайды!
Мұндай акцияларды ұйымдастырушылар ең алдымен халықтың қауіпсіздігі туралы ойлауы тиіс!
Қала әкімдігі халыққа қосымша көмек ұйымдастыруға қатысты барлық ұсыныстарды қарауға дайын.
Барлық акциялар заңды негізде және қауіпсіз ұйымдастырылуы тиіс!
Атырау қаласының әкімдігі
Суретті түсірген Әлия Жәмитова