Атырау, 26 сәуір 10:52
 ашықВ Атырау +28
$ 444.22
€ 476.38
₽ 4.82

Атырау облысының әкімі: «Дәрі-дәрмектер бірер күнде жеткізіледі»​​

2 803 просмотра

Атырау облысының әкімі Махамбет ДОСМҰХАМБЕТОВ санаулы күндерде облысымызға қажетті дәрі-дәрмектер жеткізіледі деп уәде берді. Бұл ол облыстық ауруханаға барған кезде айтылды.

Атырауда дәрігер мамандар жетіспеушілігі, оның айтуынша, қазақстандық медициналық жоғарғы оқу орындарының жоғарғы курс студенттерін тарту арқылы шешіледі.

- Қазіргі уақытта аймақта 619 адам коронавирус инфекциясынан ем қабылдап жатыр. 115 ИВЛ аппараты бар, бұлардың саны әлі көбейеді, - деді әкім.

- Жақында ғана онлайн дәрігерлік кеңес беру үшін колл-орталық ашылды. Ол арқылы күніне 150-160-қа дейін онлайн кеңестер беріліп жатыр, - дейді Атырау облысы денсаулық сақтау басқармасының басшысы Нұрлыбек ҚАБДЫҚАПАРОВ. Сонымен қатар, ол қазіргі кездегі дәрі-дәрмектердің жетіспеушілігі тақырыбын қозғады:

- Дәріханалардың барлығы жекеменшік. Бұл саладағы ахуалға араласу біздің құзыретімізге кірмейді. Десе де, облыс әкімінің тапсырмасымен демеушілік қолдау арқылы дәрі-дәрмек жеткізу ұйымдастырылуда. Сондай-ақ, «СК Фармация» арқылы облыстағы емдеу мекемелеріне дәрі-дәрмек жеткізу жөнінде жұмыстар жүргізілуде» деді ол.

Облыстық аурухана жанынан 400 орындық инфекциялық стационар әзірленуде. Ал Атырау облыстық ауруханасының бас дәрігері Бауыржан АХМЕТҚАЛИЕВТЫҢ айтуынша, бүгінде облыстық аурухананың инфекциялық стационарында 290 науқас ем қабылдап жатыр. 

- Бұдан басқа, аурухана ауласына екі шатыр тігілді. Науқастар жаппай түсетін жағдай орын алса, оларды палаткаға орналастырамыз. Онда алғашқы медициналық көмек көрсетілетін болады. Екінші палатка еріктілерге арналып отыр. Олар ауруханадағы науқастардың денсаулығына шағымы, жағдайы бойынша ақпарат жинақтап, емдеуші дәрігерлерге шұғыл мәлімет жеткізіп отыратын болады, - деді Қабдықапаров.

Дайындаған Нұргүл ХАЙРУЛЛИНА

4 шілде 2020, 14:04

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.