Өткен тәулік ішінде Атырауда коронавирустың 377 жағдайы тіркелді, оның 325-і ауру белгілері байқалмайтын науқастар. Облыста ауру жұқтырғандардың жалпы саны - 5124.
Өкінішке орай, жергілікті деңгейде статистиканы ашып жазуды доғарды. Бұл көрсеткіштен (5124) Теңіз кенішіндегі ауысым жұмысшылары мен басқа өндірістік қызметкерлердің қанша екені, қала мен аудандардағы тұрғындардың саны қанша екенін түсіну мүмкін емес. Бұрын мұндай ақпарат қала, аудандар және Теңіз кеніші бойынша жергілікті Stopcoronavirus.kz сайтында берілетін-ді. Бірақ қазір науқастар мен сауыққандардың жалпы санын қалдырып, сайттан кестені алып тастаған.
Өлім-жітімге қатысты да таңқаларлық көрініс - бұрын біздегі цифрлар республикалық статистикаға сәйкес келмейтін. Соңғы айтылған мәліметтерге сәйкес, Атырау облысында Covid-19 салдарынан 21 өлім тіркелді, қазір жергілікті деңгейде өлім-жітім туралы мәлімет айтылмайды. Бірақ олардың саны көбейген шығар. Алайда, жергілікті Stopcoronavirus.kz сайтында бұл көрсеткіш 6-ға дейін кері өзгертілді. Енді республикалық деңгеймен бірдей болды. Жергілікті сайтта ешқандай түсіндірме жоқ. Өлім-жітім туралы соңғы ақпарат 23 маусында жарияланған. Сол жерде облыстық денсаулық сақтау басқармасына сілтеме жасай отырып, «Covid-19 -дан қайтыс болғандар саны он төртке жетті» делінген. Статистикаға қатысты оғаштық осындай.
Аймақтар бойынша (жалпы/симптомсыз):
Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметі бойынша, Қазақстанда өткен тәулікте 1644 адам коронавирус індетімен ауырғаны белгілі болды. Оның ішінде 1072 адам клиникалық белгілері жоқ тасымалдаушы тіркелді.
Нұр-Сұлтан қаласы - 71 / 34
Алматы қаласы - 114 / 52
Шымкент қаласы - 101 / 54
Ақмола облысы - 42 / 39
Ақтөбе облысы - 41 / 32
Алматы облысы - 117 / 93
Атырау облысы - 377 / 325
Шығыс Қазақстан облысы - 152 / 81
Жамбыл облысы - 82 / 66
Батыс Қазақстан облысы - 110 / 35
Қарағанды облысы - 76 / 48
Қостанай облысы - 52 / 37
Қызылорда облысы - 37 / 23
Маңғыстау облысы - 114 / 105
Павлодар облысы - 68 / 15
Солтүстік Қазақстан облысы - 19 / 11
Түркістан облысы - 71 / 22
Жалпы ел бойынша ауырғандар саны 45719.
Дайындаған Сәуле ТАСБОЛАТОВА