«Эйр Франс» әуе компаниясының қызметкерлері шеруге шықты. Олар жұмысшыларды қысқартуға наразы, деп хабарлайды 24.kz.
Осыған дейін «Эйр Франс» коронавирус пандемиясына байланысты 7 жарым мың адамды босататынын жариялаған болатын. Бұл бүкіл қызметкерлер санының шамамен 15%.
Ал еншілес «ХОП!» компаниясында бір мыңнан астам адам жұмысынан айырылуы мүмкін. Жақын арада корпорация басшылығы кәсіподақ өкілдерімен кездесіп, қысқарту жоспарын талқыға салады.
Сарапшылардың пікірінше, халықаралық әуе қатынасы тек 2023 жылға қарай толығымен қалпына келеді.