Атырау, 19 сәуір 14:49
 ашықВ Атырау +23
$ 447.40
€ 477.55
₽ 4.76

Атыраудағы ҰБТ нәтижелері: бастысы - ешкім вирус жұқтырған жоқ

3 665 просмотра

21 маусым мен 1 шілде аралығында Атырау мемлекеттік университеті жанындағы Ұлттық тестілеу орталығының филиалында 3102 талапкер ҰБТ тапсырды.

Тестілеу 14 кезеңмен өтті. Талапкерлер қатарында өткен жылдардағы мектептер мен колледждердің 816 түлегі, сонымен қатар осы жылдың колледж түлектері болды.

Естеріңізге салсақ, биыл өткен жылдар түлектері үшін ҰБТ мен КТ біріктірілді. Өткен жылдардың түлектері ҰБТ-ны 2,3,4 шілдеде тапсыруы керек еді, бірақ олар үшін тестілеу ертерек - 28, 29, 30 маусым сағат 15:00-де басталды.

Түрлі себептермен 236 адам тестілеуге келмеді. Ғимаратқа ұялы телефон мен шпаргалка алып келгені үшін 19 адам тестілеуге кіргізілген жоқ. Ал, 4 адам шпаргалка мен ұялы телефонды қолданғаны үшін аудиториядан шығарылды.

ҰБТ тапсыру барысында екі талапкердің денсаулығы сыр берді (КВИ емес), олар денсаулығы туралы анықтама ұсынып, үш күннен кейін ҰБТ тапсырды.

- Қызу, жөтел және ЖРВИ-дің басқа белгілері бар талапкерлер болған жоқ. Жалпы, тестілеу әдеттегідей өтті, - дейді АМУ Ұлттық тестілеу орталығы филиалының басшысы Айнагүл ДҮЙСЕКЕНОВА.

Естеріңізге сала кетейік, биыл пандемияға байланысты бұрын-соңды болмаған қауіпсіздік шаралары қабылданды. Барлық талапкер санитарлық-эпидемиологиялық бақылаудың дезинфекциялық туннель, дезинфекциялық кілем, дене температурасын тексеру, масканы ауыстыру және қолға антисептик қолдану секілді 5 кезеңнен өтті.

Ата-аналарға тестілеу орталығына кіруге рұқсат берілмеді, бірақ олар арнайы сілтеме арқылы онлайн режимде процесті бақылады.

Білім және ғылым министрлігі биыл ҰБТ тапсырғысы келетіндердің саны рекордты - 131 754 болғанын айтады. Бәлкім, шекаралардың жабылуы ықпал еткен шығар, кейбір талапкерлер шетелдік ЖОО-ға тапсыруға тәуекел етпеген болар.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

Суретті түсірген автор

3 шілде 2020, 20:58

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.