Әлемде коронавирус жұқтырғандар қатары 10 миллионнан асып кетті, деп хабарлайды «Хабар 24».
Кей елдерде індет қайта өршіп барады. Соңғы тәулікте құрама штаттарда 50 мың адамнан инфекция анықталды. Америкалық Джонс Хопкинс университетінің дерегі осындай. Ахуал әсіресе, Техас, Флорида және Калифорния сияқты ірі штаттарда ушығып келеді.
Бірнеше штатта карантин режимі қайта енгізіліп, сақтық шаралары күшейтілді. Мәселен, Техас билігі тұрғындарды бетперде тағып жүруге міндеттеп, 10 адамнан артық топтасып жиналуға тыйым салды. АҚШ-тың бас эпидемиологы Энтони Фаучи алдағы уақытта елде күн сайын 100 мың адамнан коронавирус инфекциясы анықталуы мүмкін дейді.