Атырау, 18 желтоқсан 18:13
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -3
$ 524.66
€ 550.21
₽ 5.09

Биыл қанша баспана тапсырылады

3 882 просмотра

Облыстық құрылыс басқармасының мәліметінше, биыл өңірде бюджет қаражаты есебінен жалпы ауданы 181,1 мың шаршы метр болатын 2 258 пәтерлік 24 тұрғын үй салынуда. Құрылыс жұмыстарының жалпы құны - 26 миллиард 608 миллион теңге.

Жыл соңына дейін 1098 пәтерлік 9 үйді пайдалануға беру жоспарланған. Бұл – Атырау қаласындағы 960 пәтерлік 4 үй, Мақат және Доссор ауылдарындағы 120 пәтерлік 2 үй, Қызылқоға ауданының Қарабау және Жасқайрат ауылдарындағы 6 пәтерлі үш үй.

Өткен жылы Талғайраң ауылында басталған 45 пәтерлік 24 үйдің құрылысы инженерлік коммуникациялардың жоқтығынан тоқтап қалды. Инфрақұрылым жасалғаннан кейін 2021 жылы жұмысты жалғастырып, аяқтау жоспарланған.

Қалалық ТКШ бөлімінің мәліметінше, биыл 285 адамға коммуналдық тұрғын үй қорынан баспана берілді. Бұлар - көпбалалы 116 отбасы, 40 жетім бала, халықтың әлеуметтік осал тобындағы 56 отбасы, бюджеттік ұйымдардың 71 мемлекеттік қызметшісі мен қызметкерлері, сондай-ақ жалғыз баспанасы апаттық деп танылған 2 отбасы.

Айнұр САПАРОВА

30 маусым 2020, 18:17

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.