Атырау, 15 наурыз 09:06
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 491.29
€ 562.92
₽ 6.10

Облыста COVID-19 ​жұқтыру белгілері бар 23 адам тіркелді, оның 21-і - қала тұрғындары

3 673 рет қаралды

29 маусымдағы мәлімет бойынша, Атырау облысында коронавирус инфекциясын жұқтырудың белгілері бар 23 адам тіркелді.

COVID-19 жұқтырған 21 жағдай Атырау қаласынан тіркелді. Олардың 12-сі ер, 5 -еуі әйел адам. Олардың бірқатары ЖРВИ белгілерінің болуына байланысты  медициналық көмекке жүгінсе, кейбірінен скринингтен өту барысында анықталды.

Сондай-ақ 2 жағдай Жылыой ауданынан тіркелді.Олар  инфекция жұқтырған науқаспен қарым-қатынаста болған.

Қазіргі таңда науқастар жұқпалы аурулар ауруханасына оқшауландырылып, хаттамаға сәйкес ем қабылдап жатыр.

Ауру ошақтарында эпидзерттеу жұмыстары, дезинфекциялық жұмыстар жүргізіліп, қарым-қатынаста болғандар анықталуда.

29.06.2020 жағдай бойынша аймақта COVID-19 жұқтырған 1640 адам анықталды. Жазылып шыққандар саны - 1376.

30 маусым 2020, 10:01

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.