Атырау, 29 наурыз 12:46
 ашықВ Атырау +4
$ 448.15
€ 483.46
₽ 4.86

Атырауда зағип жандарға арнайы жолдар салынады​

4 248 просмотра

Жапония, АҚШ және Еуропаның бірқатар елдеріндегі қалаларда көру қабілеті нашар адамдарға арналған тактильді жол төсемі кеңінен қолданылады. Соңғы жылдары Қазақстанға да жетті, енді Атыраудың кезегі келді.

Қала әкімінің орынбасары Ринат ЖАНГЛИШОВТЫҢ айтуынша, биыл қаладағы алаңдарды қайта жөндеу жобасы аясында Смағұлов бульвары, Құрманғазы және Салтанат Мұқашев атындағы алаңдарда жалпы алаңы 1500 шаршы метр болатын бетонды тактильді тақталар төселеді. Бұл жұмыстармен «Нұр Бер 2006» ЖШС және "Pelorus group" тобы айналысады. Жұмыс мерзімі мен құны жобаға ведомостводан тыс сараптама жүргізілгеннен кейін анықталады.

Мирас МҰСТАФАЕВ

«АЖ» АНЫҚТАМАСЫ. Тактильді жабын (Брайль блоктары) - көру қабілеті нашар адамдарға кеңістікті бағдарлауға көмектесу үшін тротуарлар мен жаяу жүргіншілер өткелінің беткі қабатына төселетін индикатор. Бұл көру қабілеті нашар адам ұзын таяқтың немесе аяғының көмегімен сезе алатын сыртқы пішіні бұдырлы параллель сызықтар түрінде немесе дөңес нүктелер түріндегі сурет. Бұл жүйе көшелерге жақындап қалғанын және жер бетіндегі немесе беткейлердегі қауіпті өзгерістер туралы хабарлау үшін қолданылады.

29 маусым 2020, 11:55

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.